"Анамның дайындағанын төгіп тастады". Мирас Бекжанов Құралайдың келін болып түскен кездегі қызық оқиғасын бөлісті

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай Бекжановтар "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында өздерінің зәулім үйін көрсетіп, қызықты оқиғаларымен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүргізуші жұлдызды отбасыдан Құралайдың енді келін болып түскен кездегі қызықты оқиғасымен бөлісуін сұрады.

"Құралай мамамның түнімен дайындаған холодецін таңертең барып төгіп тастап, бүкіл ыдыстарды жуып қояды. Мамам таңертең келіп, үйден іздейді, түнімен дайындаған холодецім қайда деп. Оған Құралай "мама сіз холодец дайындағансыз ба, түрі біртүрлі болғасын, бәрін төгіп, ыдыстарын жуып қойдым" дейді", - деп күліп еске алды Мирас Бекжанов.

Құралай Бекжанова анасынан (енесінен) көп нәрсе үйренгенін айтты.

"Ол кезде ұялдым, қысылдым, бірақ дегенмен аллаға шүкір мамамыздың арқасында келін болып түскеннен бастап көп жақсы нәрселерді үйреніп, жақсы жетістіктерге жетіп жатырған сияқтымыз", - деді Құралай.

Сондай-ақ жұлдызды жұп отбасы құрғандарына 23 жыл болғанын еске түсірді.

Көрермендер бұл жұлдызды отбасының зәулім үйіне тамсанып, құттықтап, жағымды пікірлерді жарыса  жазды: "Өте тәрбиелі, бір-бірін сыйлайтын жарасымды жұп! Нағыз өнер адамдары деп осы кісілерді айтуға болады", "Құралай сияқты келін келсін", " Анаға деген құрметтері керемет".