40 миллион иемденді деген күдікке ілінген генерал-майорға қатысты тергеу аяқталды
![40 миллион иемденді деген күдікке ілінген генерал-майорға қатысты тергеу аяқталды](/userdata/news/news_84278/image_l.jpg)
Фото:
gov.kz
Полиция генерал-майоры Берік Биляловқа қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ол 2021 жылы қылмыстық іс тоқтатылады деген сылтаумен алдау арқылы 40 миллион теңгені иемденген.
"Қазір іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді, - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы генерал-майор Берік Біләловке қатысты соталды тергеу басталған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова