+37 градус. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

+37 градус. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 30 мамыр - 1 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронталь учаскелермен анықталады, сондықтан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. 30 мамырда Шығыс Қазақстанда, 1 маусымда Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Тек Қызылорда және Ұлытау облыстарында антициклонның екпінімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ, республика бойынша жел күшейеді, республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

"Қазақстанда күндізгі негізгі температуралық фон: батыста және солтүстік-батыста 28-36 жылы, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35 жылы, оңтүстікте 32-37 жылы, шығыста бірте-бірте жоғарылайды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек