Болған оқиға негізінде түсірілген фильмдер

Кейде өмірде кинодағыдай оқиғалар болып жатады. Фильм көріп отырып: "Өмірде мұндай оқиғаның болуы мүмкін емес!" деген ойға келесің. Ал шынында болуы әбден мүмкін екен. "Кинода барлығы өмірдегідей болмаса да, өмірде көп нәрсе кинодағыдай болады" деген тіркес осыдан шықса керек. Назарларыңызға шынайы оқиғаны негізге алып түсірілген фильмдер топтамасын ұсынамыз.

Жүзушілер | Пловчихи

Юсра мен Сараны әкесі бала кезінен жүзу спортына баулиды. Оларды Олимпиадаға баруға жаттықтырды. Дегенмен 2015 жылы шиелініске толы ел жағдайынан кейін апалы-сіңлілер Сириядан Германияға қоныс аударуды ұйғарады.

Элвис

Фильм Элвис Преслидің өмірі, оның музыкасы және менеджер Том Паркермен арадағы қарым-қатынасы туралы баяндайды. Олар команда ретінде 20 жыл бірге жұмыс істейді.

Шындық | Ее правда

Драма The New York Times журналистері Меган Туи мен Джоди Кантордың зерттеуі негізінде түсірілген. Фильмде жылдар бойы жыныстық зорлық-зомбылық туралы айтудан қорыққан продюсер Харви Вайнштейннің құрбандары көрсетіледі.

Тилл

1955 жылы қара нәсілді Эммет Тиллге ақ нәсілді әйелге зорлық көрсетті деген жала жабылады. Оның анасы расизммен күресіп, нағыз кінәлі адамды табуға барын салады.

Джерри мен Мардждың ірі ойыны | Джерри и Мардж играют по-крупному

Бұл лотереяны ұтып алу үшін математиканы шебер қолдана білген Джерри мен Мардж Селбидің тарихын баяндайды. Тапқан табысты туған қаласын жаңғыртуға жұмсайды.

Мұзбен күрес
Борьба со льдом

Фильм 1909 жылы Гренландияда қайтыс болған полярлық зерттеушілердің сүйектерін іздеуге шыққан Эйнар Миккелсеннің тарихын баяндайды. Аралдың қиын бөлігіне өткен Миккельсен өзімен бірге бір ғана көмекші, жас Ивер Иверсенді ертіп алады. Екеуі бұл сапардан аман оралудың жолын іздейді.

Air: Большой прыжок

1980 жылдар. Nike кроссовкаларының сатушысы Сонни Ваккаро мен компанияның негізін қалаушы Фил Найт болашақ аңыз Майкл Джорданмен келісімшарт жасауға тырысады.

Есірткі мен аю
Кокаиновый медведь

1985 жыл. Джорджия ормандары үстімен ұшып бара жатқан есірткі тасымалдаушысы бірнеше бума кокаинды жерге лақтырып жібереді. Оны орман аюларының бірі тауып алып, жейді. Жануарға бұл кері әсер етеді, ол ақыл-есін білмей айналасындағыларға шабуыл жасай бастайды.