"Ноғаев, су қайда?" Ақтауда шағынаудан тұрғындары наразылығын білдірді

Желіде Ақтаудағы 4 шағынаудандағы тұрғын үйде плакат қызу талқыға түсті. Ақтау әкімдігі суретке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған суретте "Ноғаев, су қайда? Где вода?" деп жазылған. Әкімдік мәліметінше, плакатты сол күні пәтер иелерінің кооперативі өкілдері алып тастаған. 

"Тиісті мекемелердің басшылары 4 шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұған дейін ресми парақшада біз ұңғымаларды жөндеуге байланысты су өшірілгенін хабарлаған болатынбыз. Қызметкерлер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, қазіргі уақытта сумен жабдықтауды қалпына келтірді", - деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

Алайда бұған қарамастан Telegram-да жергілікті тұрғындар кейбір шағынаудандарда су әлі жоғын жазған. Ал "МАЭК" ЖШС өкілдері қалаға ауыз су мен техникалық су олардың тарапынан шектеусіз беріліп жатқанын айтады. Ақтаудың қалған шағынаудан тұрғындары ПИК-ке жүгіне алатыны айтылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!