"Халықтың арқасында адам болғанын ұмытып кеткен". Қайрат Нұртас белгілі блогерді итеріп жіберді (видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртас кезекті концертінен соң белгілі блогерді итеріп жіберген видео әлеуметтік Желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Zheka Fatbelly лақапатымен танылған блогер Жеңіс Омаровты кезекті түсірілімнен кейін хитмен Қайрат Нұртас иығынан итеріп жіберген. Бұл видео Instagram желісінде пайда болды. Кадрда екеуі сөзге келіспей қалғанын байқауға болады. 

Әншіге "Қайреке, сізге дұрыс айтып жатырмын" деген кезде блогердің иығынан итеріп кетіп қалған.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдырған. 

"Ашуланса ашуланады, ол да адамғой", "Кей блогерлерде ұят қалмаған", "Қайрекеңді тәкәппарландырып тұрған күпірлік", "Осы әртістердің хайпы шаршатты", "Әншілер әбден есірді", "Халықтың арқасында адам болғанын ұмытып кеткен", "Тәрбие қайда", "Қайратты жаман атты көрсету", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!