Әйелдер жатақханасының алдында мастурбация жасаған ер адам 15 тәулікке қамалды

Ташкенттегі Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің әйелдер жатақханасының алдында мастурбация жасаған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Ташкент Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.uz-ке сілтеме жасап. 

Өзбекстандағы зорлық-зомбылыққа қарсы Nemolchi.uz жобасына оқырмандардың бірі 24 мамырда жатақхана алдында мастурбация жасаған ер адам туралы аноним хабарлаған.

"Бұл алғаш рет емес. Біздің жатақхананың маңында мұндай азғын көп", - дейді ол.

Басылым мәліметінше, 1961 жылы туған ер адам "қоғамдағы мінез-құлық ережелерін әдейі елемеген". Қылмыстық істер жөніндегі Үштепі аудандық соты оны Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша қамауға алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!