Әнші Асқар Жүнісбеков жақынынан айырылып қалғанын айтты

Әнші Асқар Жүнісбеков жақынынан айырылып қалғанын айтты
Фото: Instagram/askar__tau

Танымал әнші Асқар Жүнісбеков жақынынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі қайғылы хабарды Instagram-парақшасында бөлісті. Асқар Жүнісбековтің айтуынша, оның нағашы әжесі 82 жасында дүниеден өткен. 

"Бүгін 14 ұл мен қызды дүниеге әкелген, менің анашымның анасын 82 жасында шын өмірге шығарып салдық. Жаныңыз жаннатта шалықтасын, Апа! Сіздей 10-15 бала табатын және оларды сіздей өсіре білетін қыздар көбейе берсін қазақта! Дұға тілеп қойсаңыздар", - деп жазған әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Askar Zhunisbekov (@askar__tau)

Айта кетейік, Асқар Жүнісбеков - қазақ әншісі. Оның "Хат жазып тұр", "Сен қасымда болмасаң" атты әндері бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек