Оралда кәріз құдығынан жануарлардың өлекселері мен құрылыс қалдықтары табылған

Оралда кәріз құдығынан жануарлардың өлекселері мен құрылыс қалдықтары табылған
Фото: "Мой ГОРОД"

Оралда кәріз құдығынан жануарлардың өлекселері мен құрылыс қалдықтары табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

"Батыс су арнасы" ЖШС баспасөз хатшысы Бауыржан Ғилажевтың айтуынша, кейбір тұтынушылардың әрекеті салдарынан қаланың тазарту құрылыстарына ағынды су айдайтын кәріз сорғы станцияларынан жиі ақау шығатын болған.

"Апатты жою кезінде белгілі бір жұмыс түрлерін орындау қажет болғандықтан, компания суық суға шектеу енгізуге мәжбүр. Тұрғындардан кәрізге қоқыс, шүберек, қағаз, жеке гигиена құралдарын тастамауды сұраймыз", - деп түсіндірді Бауыржан Ғилажев.

Апатты жою кезінде кәсіпорын қызметкерлері кәріз құдығынан құрылыс қалдықтары мен жануарлардың өлекселерін тапқан. Мәселен, былтыр қарашада өлі күшіктер табылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова