Стюардесса Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілуі мүмкін

Avion Express литвалық әуекомпаниясының стюардессасы, италиялық Илария Роза Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілуі мүмкін. Ол есірткі сақтап, алкоголь ішті деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бүгінде стюардесса Сауд Арабиясындағы түмеде отыр. Ол полицейлер оны тексеру кезінде іш киімінен есірткі табылғандықтан ұсталған.  

Фото: Bild

Иларияның сөзінше, ол 4 мамырда Джидда қаласында достарының үйінде кері рейсті күтіп, түстеніп отырған. Бір сәтте полицейлер Илария мен достарын қоршап алған. Италиялық арудың сөзінше, полицейлер тек Иларияны тексерген.  

Стюардесса тұтқындалып, бес күннен кейін ішімдік ішіп, марихуана тасымалдады деп айыпталып, жауап алынды. Илария барлық айыптауды жоққа шығарады. Италия СІМ Сауд Арабиясы билігімен стюардессаны босату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Ресми айыптар әлі күнге дейін жоқ.

Басылым мәліметінше Сауд Арабиясында ислам шариғаты туралы заңдар бар: судьялар есірткіге байланысты қылмыстар үшін өлім жазасына кесуі мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!