Ақтаудағы әуежайда ер адам оқтарды қол жүгімен алып өтпек болған

Ақтаудағы әуежайда қол жүгімен қару-жарақ оқтарын заңсыз тасымалдаған ер адамның ісі қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот Ақтау тұрғыны Шымкент қаласының әуежай ғимаратында тексеруден өту кезінде ол 16 калибрлі 2 оқты заңсыз тасымалдағанын және қол жүгінде сақтағанын анықтады. Сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындылары бойынша зерттеуге ұсынылған 2 оқ тегіс ұңғылы атыс қаруынан атуға жарамды.

Сот қаулысымен М ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 69000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!