Ердоған ба, әлде Кылычдароғлу ма? Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды

Ердоған ба, әлде Кылычдароғлу ма? Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Екінші кезеңде Түркия азаматтары өздерінің нақты таңдауын жасауы керек - келесі мемлекет басшысы кім болады: қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған немесе оппозиция жетекшісі Кемал Кылычдароғлу.

Area Araştırma орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турында Ердоған мен оның қарсыласы Кылычдароғлудың жеңіске жету мүмкіндігі тең.

Орталық мәліметінше, 44,7 пайызы Кылычдароғлуға, 43,7 пайызы Ердоғанға дауыс беруге дайын, тағы 11,6 пайызы өз таңдауын шешкен жоқ немесе дауыс беруге әзір емес.

Еске салайық, Түркияда 14 мамырда президент сайлауы өтті. Оның нәтижелері бойынша бірде-бір кандидат бірінші турда жеңіске жету үшін қажетті дауыс санын (50 пайыздан астам) жинаи алмады. Қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған 49,52 пайыз, қарсыласы Кемал Кылычдароғлу 44,88 пайыз, АТА альянсы кандидаты Синан Оган 5,2 пайыз дауыс жинады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан