Оралда қоқыс полигоны әлі өртеніп жатыр

Оралда қоқыс полигоны үш күннен бері өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге ведомствоның жеке құрамынан бөлек кәсіпорындардан да еңбек күші жұмылдырылған.

Қоқыс полигоны қаладан шамамен 15 шақырым жерде орналасқан, жеке секторларға қауіп жоқ. Жел үш күннен бері батысқа қарай соғып тұр. Егер желдің бағыты өзгерсе, қаланы қою түтін тұмшалауы мүмкін. Өйткені қоқыс алаңы бықсып жанып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!