Қарағандылықтар жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үшін таңғы төрттен бастап ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр

Қарағандылықтар жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үшін таңғы төрттен бастап ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр
Фото: Автордан

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алдында сеңдей соғылысып жүрген жұрт мұндағы жұмыс тәртібіне көңілдері толмай, жаппай шағымдарын жеткізді. Бірнеше күннен бері кезегін сағаттап тосқан халықтың шыдамы да таусылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алдында жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру үшін күн сайын кемі 100-ге жуық адам жиналу қазір үйреншікті жағдайға айналған. Тіпті теория жүзінде тест тапсыру үшін де кезегін сағаттап тосуға тура келеді. Бір ғана құжатты алу үшін сенделтіп қойды деген жұрт, мұндағы қызметкерлердің дөрекелігі де наразы. Айтуларынша, қызмет көрсетуші мамандар жеке ұйымнан болғандықтан орталыққа бағынбайды. Электронды кезек жүйесінің де істеуінен, бұзылуы көп.


 "Адамдар келіп, қағазын алып, кезекке тұрады. Кейін оларды жеке-жеке қабылдаймыз. Түрлі жағдайлар болып жатады. Мысалы адам жеке кәлігін 10 жыл бұрын алатын болса, оның түрінде сәйкестік келмейді. Сол сәйкестік келмегені үшін жүйе оларды қабылдамайды"  дейді емтихан алушы.


Тәжірибелік сынақ тапсырудың да машақаты жетерлік. Оған тәулігіне жүзге жуық адам келгенімен, 35- пен 60 адамды ғана қабылдайды. Мұның өзі база кедергісіз істеп, көліктер сынбаған жағдайда ғана.

"Мен теоррияны тапсыруға 5-ші рет келіп тұрмын. Бұл жерде үнемі кезек. Мына жерде түбіртек алуға кезекке тұрасың. Сосын менеджрлерге бару үшін, тағы кезекке тұрасын. Одан кейін тест тапсыру үшін, тағы да дәл солай» дейді емтихан тапсырушы Арайлым Еркебаева.


Таңғы сағат 8-де ашылатын мамандандырылған орталық алдында, мекеме жұмысы басталмай жатып ұзын-сонар кезектің болуы да күндегі жағдай. Тіпті қыстың қақаған күндері де осындай көрініс дейді халық. Айтпақшы, Қарағанды облысы мен бүкіл Ұлытау облысы үшін көлік жүргізу сынағына арналған автодром да біреу ғана. Сынақ көліктерінде құны 20 миллион тұратын датчиктер орнатылған. Бұл құрылғының көмегімен спутник арқылы көліктің қозғалысы мен рөлдегі емитхан тапсырушының әрекеті толық бақылауда болады. Сол себепті бұл автодромға өзімізді қойғанда көрші аймақтан да келеді. Ал, осыған дейін мұндағы көліктер ескі, әрі жүруінен сынуы көп болатын. Қазір автокөліктер су жаңа болғанымен, емтихан тапсырушылар тарапынан құртатындар да болады. Сынақтарды тежейтін тағы бір кедергі электронды жүйенің жиі істен шығуы және үміткерлердің сынақ кезінде ЖКО жиі орын беруі.

"Кейде көліктер сынып жатады, оны жөндеу де біраз уақыт алады. Сонымен қатар белгілі бір қажетті нормативтік іс-шараларды жүргізу қажет. Ұлытау облысы мен Балқаш қаласында автоматтандырылған автодром құрылысын жоспарлап отыр. Егер ол жүзеге асса, мұндағы жағдай едәуір оңалар еді" деді "Азаматтарға арналған үкімет" МК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлмира Сүлейменова.

Қосымша автодромдардың қашан салынып, қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Десе де, қоғам белсенділері елдегі өзге де арнайы аймақтарда да жағдай мәз емес дейді. Мысалы, Алматыда тәжірибелік емтиханға жазылу 2-3 ай бұрын жүргізіледі екен. Шыдамы таусылған халық пен қоғам белсенділері ел президентіне осы шағым бойынша екі рет үндеу жолдапты. Қосымша автодром құрылғанша, тәжірибелік емтихандар тым болмағанда әкімшілік полиция қызметкерлерінің қатысуымен комиссиялық негізде ұйымдастыруды сұрап отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы