Қарағандыдағы жол жабынының қалыңдығы талапқа сай келмейді

Қарағандыдағы жол жабынының қалыңдығы талапқа сай келмейді
Фото: yandex.kz

Қарағанды облысы Ақтас кентінің тұрғындары көшелердің бірінде төселген жаңа асфальт сапасына күдікпен қарап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Ақтас кентінің Саратовская көшесіндегі жаңа асфальтқа қатысты жұмыстар әлеуметтік желіні шулатты. Кадрларда белсенді тұрғындар полицейдің қатысуымен жаңа жабынның сапасын өз көздерімен көріп, бағасын берген.

"Негізі асфальт қалыңдығы 4 елі болуы керек. Бірақ мыналарлікі 1,5 еліге де жетпейді. Аяқпен бассаң жарылып жатыр” дейді Ақтас кентінің тұрғыны Шыңғыс Премов.


Шыңғыстың пікірінше, бұл жұмыстарға барынша ақша үнемделген. Бірақ кент әкімінің орынбасарының айтуынша, наурыз айында 30-орам бойынша 70 мың шаршы метр асфальттау, 70 тірек, ойын алаңы және екі қоқыс алаңына байқау жарияланған. 84 млн теңгеге жарияланған байқауда жеңіске жеткен "ТехСтройКараганда" мердігер ұйымы 56 миллион жеткілікті болатынын айтып, жұмысқа кіріскен.

"Бізде асфальт қабатының қалыңдығы стандартқа сәйкес 4 см құрайды. Өйткені, бұл көшелермен камаздар мен басқа да ауыр техникалар жүрмейді. Бұл жол жеңіл техниканың жүруіне арналған. Адамдар түсірген бейнежазбада жолдың шеткі жағы көрсетілген" дейді, Ақтас кенті әкімінің орынбасары Марғұлан Анаев.


Жалпы, жолдың шеттерінде тегістеу жұмыстары үшін ақы төленбейді. Жұмыстарды жүргізу кезінде бақылауды техникалық қадағалау жүргізеді және төлем сынамалардан кейінгі нақты шығындар бойынша болады. Айтпақшы, асфальттың қалыңдығынан бөлек, адамдарда басқа да көптеген шағымдар бар. Сонымен, жиектастардың болмауы су тасқынына әкеп соғуы мүмкін, бірақ оның қымбаттауына байланысты жиектас орнату қарастырылмаған. Салдарынан бұл подъезды алғашқы жаңбырдан кейін су басу қаупі бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы