Атырау облысында жоғалып кеткен бақташы үш күннен бері табылмай жатыр

Атырау облысының құтқарушылары Жылыойда жоғалып кеткен бақташы үш күннен бері таппай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бақташының жоғалғаны туралы хабар құзырлы органдарға 24 мамырда түскен.

"Шақырту бойынша өрт сөндіру бөлімі іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті. Жоғалған 37 жастағы бақташы 23 мамыр күні 17:00 сағатта Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруашылық қожалықтарының бірінен шығып кеткен", - делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінен 3 қызметкер мен 1 бірлік техника, сонымен қатар аудандық полиция бөлімінен 1 қызметкер жұмылдырылды.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!