"Найзағай түскен". СҚО-да даладан ер адам өлі табылды

"Найзағай түскен". СҚО-да даладан ер адам өлі табылды
Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында даладан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

2023 жылғы 25 мамырда СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адам өлі табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Ер адам жайылымда мал бағып жүрген.

Кейін оған найзағай түскені анықталды, нәтижесінде ол және оның жылқысы оқиға орнында қаза болды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек