Алматылық құтқарушы күтпеген мәлімдеме жасады

Алматылық құтқарушы күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы қаласы ТЖД қызметкері басшылығын сынға алып, видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде азаматтық қорғау қызметкерінің формасын киген ер адам өзін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі жүргізушісі Арман Өмірбаевпын деп таныстырған видео тарады. Ол жақында Медеудегі өртті сөндіру кезінде әріптесі құзырлы органдардың біліксіздігінен қаза тапқанын мәлімдеді.

@garik_astana #алматы #пожарные #разоблачение #пожар ♬ оригинальный звук - Астанчанин

Осыдан кейін Алматы ТЖД үндеу авторын қабылдады. ТЖД қызметкерінің өтініші бойынша кездесуге блогер Жанар Құсайынова да қатысқан.

"Қызметкер әлеуметтік желі арқылы гарнизон жұмысын ұйымдастыру туралы пікірін ашық айтты, бірақ комиссия қабылдауында нақты дәлелдер мен деректер келтіре алмады.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша толық, жан-жақты және объектив тексеру мақсатында бұл өтінішке түрткі болған себептер мен деректерді анықтау бойынша нақты тапсырмалар беріледі", - деп түсіндірді ТЖД өкілдері.

Кейін әлеуметтік желілерде Өмірбаевтың тағы бір видеосы пайда болды. Онда ТЖД қызметкері өз мәлімдемесінде қобалжығанын айтып, айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.

@novosti.kaz сотрудник дчс дал интервью и разъяснил ситуацию по своему обращению#казахстан?? #токаев #мчсрк?? #дчсалматы #пожарный ♬ оригинальный звук - НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек