Ақтөбеде жүк көлігі баланы қағып кетті

Ақтөбеде жүк көлігі баланы қағып кетті
Фото: Tengrinews

Ақтөбедегі жаяу жүргіншілер өткелінде жүк көлігі баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 25 мамырда Кирпичный шағынауданында болды. "КамАЗ" жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жастағы қызды қағып кетті.

Бала Ана мен баланы қорғау орталығына жатқызылды.

"Жол қозғалысына қатысушыларды барлық ережені қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл жаяу жүргіншілерге, электрскутерлеріне, мотоциклдерге және велосипедтерге қатысты. Әсіресе, жазғы демалыс қарсаңында. Жол кішігірім қатені де кешірмейді", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова