Ақтауда екі ай бұрын жоғалған тұрғын іздестіріліп жатыр

Ақтауда екі ай бұрын жоғалып кеткен жігітті іздеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Еріктілер қозғалысы құқық қорғау органдарымен бірге "Приморский" алабының тұрғыны Кәрім Свамбаевты іздеп жатыр. Бұл туралы оның әкесі Рустам Свамбаев айтты.

Кәрім Свамбаев 6 сәуірде кешке Жемчужная көшесі, 29 ("Приморский" тұрғын алабы) мекенжайында орналасқан үйден кетіп, қайтып оралмаған.

Жоғалған күні ол қара күртеше, қоңыр аяқкиім және қара джинсы киіп жүрген, сөмкесі де болған.

Жігіттің орналасқан жері туралы ақпараты бар адамдардан мына телефон нөміріне хабарласу сұралады: +7 (701) 600-09-05 (әкесі Рустам).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!