"Стадионды күзетіп жүргенін айтқан". Павлодар облысында мас ер адам ішкиіммен жүрген

"Стадионды күзетіп жүргенін айтқан". Павлодар облысында мас ер адам ішкиіммен жүрген
Фото: Видео кадры

Павлодар облысында мас ер адам ішкиіммен стадионда жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар облысы Ертіс ауылында 41 жастағы тұрғын Орталық стадион аумағында ішкиіммен жүрген. Келген полицейлерге ер адам десантшы екенін және Орталық стадионды күзетіп жүргенін айтқан.

Ауыл тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Оның шешімімен 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды және үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

"Сонымен қатар, ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлігі "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғат Әбенов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек