Қостанай облысында 11-сынып оқушысы асылып өлді: полиция пікір білдірді

Қостанай облысы Полиция департаменті өкілдері асылып өлген 11-сынып оқушысының ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап. 

Бұл ақпаратты Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.

"Ұзынкөл ауданында 17 жастағы оқушы қыздың өзіне қол жұмсау дерегі бойынша полиция 105-бабы 3-бөлімі "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша соталды тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлады облыстық департамент өкілдері.

Бұл іс бойынша сараптама тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында 11-сынып оқушысы асылып өлгенін хабарлаған едік. 22 мамырда Ұзынкөл ауданы Обаған ауылында Обаған орта мектебінің 11-сынып оқушысы асылып өлген. Қыздың денесін әкесі сағат 16:00-де тауып алған.

Әкесінің айтуынша, сол күні қызы ҰБТ-ның сынақ тестін тапсыруы керек болған, бірақ ол қалаға барудан үзілді-кесілді бас тартқан. Қыз әкесіне қалаға неге барғысы келмейтінін түсіндірмеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!