Алматыда бірнеше шағынауданда уақытша су болмайды

Алматыда бірнеше шағынауданда уақытша су болмайды
Фото: almaty.tv

Алматының бірнеше шағынаудандары бір күнге суық судан ажыратылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Алматының бірқатар шағынаудандарында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты, суық су жергілікті түрде ажыратылатын болады.

30 мамырда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін

  • "Орбита-1, 2, 3, 4",
  • "Таугүл - 1, 2",
  • "Мамыр-1, 4, 5, 6, 7",
  • "Алмас",
  • Атамекен",
  • "Қуаныш",
  • "Достық" шағынаудандары,
  • М.Кәрім,
  • Цветочная,
  • Ықылас,
  • Тойбастар,
  • Тайбұрыл,
  • Пролетарская көшелеріндегі тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек