Шымкентте бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам табылмай жатыр

Полиция мен еріктілер бір ай бұрын жоғалып кеткен шымкенттікті іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

Фархат Алтынбаев 27 сәуірде сағат 06.30-да үйінен шығып, оралмаған. 

Ер адамның жақындарының сөзінше, ол бірінші топ мүгедегі. Сол аяғында үш саусағы жоқ, ақсап жүреді екен. 

Үйден шығып кеткен күні ер адамның үстінде қара күртеше мен сұр жемпір болған. Полиция мен еріктілер қандай да бір ақпарат білетін адамдар мына нөмірлерге хабарласуын сұрады: 102 немесе 8 777 679 18 24.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!