Полиция Түркістан облысында 5 жасар қыз зорланды деген ақпаратқа жауап берді

Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, 21 мамырда Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Жергілікті тұрғынның арызы негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталмады.

Басқа ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды. 

Еске салайық, бүгін Telegram-арналардың бірінде Түркістан облысында ер адам 5 жасар қызды зорлады деген хабар тараған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!