Түрік, араб, корей... Түркістан облысында мұғалім жеті тіл біледі

Түркістан облысында жеті жұрттың тілін білетін мұғалім тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.

Смадияр Кәрімов - Қалаубек Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары әрі ағылшын тілі пәнінен сабақ береді. Қазақ, орыс, өзбек тілдерінен бөлек, түрік, араб, кәріс тілдерін де меңгеріп алған. Араб тілін бала кезінде әкесінен үйренсе, ағылшын, түрік, орыс тілдерін мектеп қабырғасында жүргенде оқығанын айтады. 

"Бір тілді үйренсең бір адамсың, екі тілді үйренсең екі адамсың" деген сияқты бір тілді үйреніп алсаң ары қарай оңай келеді екен өзі. Кореяға 1-2 рет барып келгенім бар. Жаттай бердік, әрібін үйрендік. Арнайы оқыған жоқпын, өзім іздендім", - дейді Қазығұрт ауданының тұрғыны Смадияр Кәрімов.

Білікті ұстазды шәкірттері де құрметтейді. Әр сабағын асыға күтеді. Тілді балалардың тез үйренуі үшін оңай тәсіл қолданып, ойын түрінде өткізетін айтады.

"Ал енді мен сіздерге "Хабар 24" телеарнасын күніге көремін" дегенді бірнеше тілде айтамын. Орысша "я смотрю "хабар 24" каждый день. Түрікшесінде "Her gün haber kanalını izlerim", ағылшынша, "I watch Khabar 24 TV every day", арабша "أشاهد قناة خبر 24 كل يوم", кәрісша "나는 매일 Khabar 24 TV를 본다", өзбекше "Xabar 24" telekanalini har kuni tomosha qilaman" бірнеше тілде осылай айтылады", - дейді ұстаз.

Зейінді ұстаздың ендігі арманы - қытай тілін үйрену.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!