Алматы облысында мұғалім 14 жастағы қызды зорламақ болған: полиция пікір білдірді

Алматы облысында 14 жастағы қызды зорламақ болды деген күдікке ілінген денешынықтыру мұғаліміне қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"3 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы полиция бөліміне 32 жастағы тұрғын ауылдағы орта мектептердің бірінің денешынықтыру пәні мұғаліміне қатысты заңды шара қолдану туралы жазбаша арызбен жүгінген.

Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі (Жас балаға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол іс-әрекет) бойынша қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы бойынша соталды тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Қажет сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада. 

Қазір істі дұрыс шешу үшін қажет және жеткілікті мән-жайларды зерттеудің тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жарияланбайды.

Еске салайық, Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 14 жастағы мектеп оқушысы 53 жастағы денешынықтыру пәнінің мұғалімінің үстінен шағымданған. Қыздың айтуынша, мұғалім қызды жұмыс кабинетіне кіргізіп тиіскен. Алайда полицияға берген арыздан кейін ер адам ұсталған жоқ, оның орнына тергеушілер қыздан түнгі 3-ке дейін жауап алған. 

Оқиға туралы ақпарат "Не молчи" қорының Instagram-парақшасында пайда болды. Tengrinews.kz тілшісі зардап шеккен қыздың әкесіне хабарласты.

Ер адамның айтуынша, оқиға 2023 жылғы 3 сәуірде Алматы облысындағы ауыл мектептерінің бірінде волейбол сабағының алдында болған.

"2 мамырда маған бұрынғы әйелім телефон шалып, үлкен қызымызға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тиіскенін айтты. Мен мектепке келгенде онда полиция қызметкерлері, мектеп директоры, қызым, анасы болды. 3 сәуірде волейбол сабағында мұғалім оны кабинетке шақырған, қасында бір қыз болған, олар бірге келген, бірақ мұғалім екінші қызды жаттығу залына қайтарып жіберген, қызыммен жалғыз сөйлескісі келетінін айтқан.

Ол оны кабинетке кіргізіп, есікті, перделерді жауып: "Сені неге жібергім келмейтінін білесің бе? Неге екенін өзім де білмеймін" деп айта бастаған. Денесін ұстай бастаған, бұл сағат 18:00 шамасында болды, ал волейбол сабағы 19:00-де басталды. Қызым өте тыныш және сабырлы. Ол қызымнан оны сүйіп, денесін ұстауға рұқсат сұраған. Қызым жоқ деген. Бірақ ол бұл әрекеттерін жалғастырған. Құдайға шүкір, ештеңе болған жоқ, әлгі қыз жүгіріп келіп, дәлізде атын айғайлап, іздей бастаған. Мұғалім "Сені іздеп жатыр, шық" деген. Кейін есікті ашып, шығарып жіберген", - дейді оқушының әкесі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!