Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay

Синоптиктер 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сондай-ақ, республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

"Күндіз Қазақстан бойынша негізгі ауа температурасы мынадай болады: батыс өңірлерде 27-35 градус жылы, солтүстік-батыста 25-30 градус жылы, солтүстікте, шығыста, орталықта 18-27 градус жылы, оңтүстікте 25-33 градус жылы, оңтүстік-шығыста 23-30 градус жылы", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова