"Банк тонамақ болған". Шымкентте атыс шығарған шетелдіктің сот отырысы өтті

"Банк тонамақ болған". Шымкентте атыс шығарған шетелдіктің сот отырысы өтті
Фото: "Отырар"

Шымкентте қару дүкенінде атыс шығарған өзбекстандыққа қатысты сот отырысы өтті. Оқиға был 20 ақпанда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, тергеу аяқталып, іс бойынша сот отырысы басталған. Сот отырысы кезінде атыс болған сәттің видеосы көрсетілген. Видеода ер адам сөмке асынып, қару сататын дүкенге кіргенін көруге болады. Ол сатып алушы сияқты кейіп танытып, сатушыдан қару көрсетуін сұраған. Артынша сөмкесінен қару алып шығып, сатушыны қорқыта бастаған.  

Сотта қару-жарақ дүкені мен қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері куәгерлік етті. Қауіпсіздік агенттігі қызметкерлерінің айтуынша, олар оқиға орнына бірнеше минуттан кейін келіп, қарулы адамды өз бетінше ұстауға тырысқан. Қызметкерлердің айтуынша, сотталушы атысты олармен диалогқа түспей-ақ бастаған. Куәгер өкшесінен, ал серіктесі қолынан жарақат алды.

"Ештеңе айтпай, атысты бастап кетті, мен де аттым. Ол басқа жаққа қашып кетті. Оның артынан әріптесім жүгіріп кетті. Ол жақындағанда күдікті атып жіберген. Әріптесімнің жағдайын көріп, күдіктінің артынан жүгіре бастадым. Сол кезде полицейлер келді", - дейді куәгер.   

Өзбекстандық азамат кінәсін мойындаған. Оның сөзінше, ер адам қылмысқа қиын матералдық жағдайға тап болғандықтан барған. Ол дүкеннен қару алып банк тонамақ болған екен.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина