Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді

Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді
Фото: astanatv.kz

Астана тұрғыны әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Астана" телеарнасының мәліметінше, Айнұрдың тұрмысқа шыққанына үш ай болған. Содан бері күйеуі тыныштық бермей, ұрып соғады екен, тіпті бүгін қолына пышақ алып маңдайын тілгілеген.

"3-4 рет осылай үндеген жоқпын. Менің жасым 31-де, 91-жылғымын. Ал ол 68-жылғы, әкем сияқты ғой. Бірінші құлақ, сосын былай. Пышақпен былай ұрды", - дейді Айнұр.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 102 нөміріне зорлық-зомбылық шағымымен күніне 40-50 қоңырау түседі. Былтыр бір жылда 17 мыңға жуық арыз тіркелген.

"Әйел адамның немесе жәбірленушінің денесінде жалпы өзінде қандай да бір зорлық-зомбылықтың іздері болса, сол арқылы және бейнежазба арқылы ауызша көршілерінің, туыстарының хабарламалары арқылы хаттама толтырылып, материалды сотқа жіберуге бізде мүмкіндік болады", - дейді Қалалық полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан