Түркістандағы мал базарында өз әріптесін бауыздаған қасапшыға үкім шықты

Түркістандағы мал базарында өз әріптесін бауыздаған қасапшыға үкім шықты

Түркістандағы мал базарында өз әріптесін бауыздаған қасапшыға үкім шықты. 30 жастағы ер адам 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кісі өлімімен аяқталған қылмыс биыл ақпан айында болған. Мал союға таласып қалған екі ер адам жұрттың көзінше төбелескен. Бірнеше мәрте соққы алып таяқ жеген күдікті мал соятын пышақпен қарсыласының аяғын жарақаттап, одан соң тамағын орып жіберген.

31 жастағы жігіт сол жерде көз жұмыпты. Марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы мен әйелі қалды.

Марқұмның туыстары ауыр қылмыс жасаған сотталушыға берілген жаза тым жеңіл деп есептейді. Олар сот үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірмекші.

"ҚР ҚК 99-бабының бірінші бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін. Бірақ анасы ретінде мен қарсымын. Мен әлі де ізденемін. Әлі іштен топты шығарам, барлық дүниені шығарамын. Қашан жаным кеудемнен шыққанша, соңына дейін барамын", - дейді марқұмның анасы Құрбанкүл Дайрабаева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан