Қазақстандықтар ішімдікті көп тұтына бастаған

Қазақстандықтар ішімдікті көп тұтына бастаған
Фото: РИА Новости

Қазақстандықтар ішімдікті көп тұтына бастаған. Әсіресе, бұл күшті алкогольге қатысты байқалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DATA HUB Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2023 жылғы І тоқсанда ішкі нарықта ішімдік сатылымы көлемі мынадай болған:

  • Арақ - 21,6 миллион литр. Бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 51,1 пайызға артық.
  • Коньяк - 8,2 миллион литр. Былтырғы І тоқсанға қарағанда өсім 2,9 есе көп.
  • Газсыз шараптар - 8,4 миллион литр. Өсім - 17 пайыз.
  • Газды шарап - 845,7 мың литр. Өсім - 55,1 пайыз.

Бірақ сыра сатылымы бір жылда 13,5 пайызға төмендеп, 151,2 миллион литр болды.

Арақ өндірушілер өндірісті бір жарым еседен аса деңгейге (19 миллион литрге дейін) жеткізген, ал экспортты 40 пайызға қысқартты (328 мың литрге дейін). Ішкі сұранысты қамтамасыз ету мүмкін болмаған, сондықтан импортты арттыруға тура келген (18,4 пайыз өсім, 2,9 миллион литрге дейін).

Коньяк өндірісі 2,6 есе (6 миллион тоннаға дейін), ал импорт 4,3 есе (4,4 миллионға дейін) өсті. Бірақ 2,2 миллион литр экспортқа кетті, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларына қарағанда 4,1 есе көп.

Шарап бойынша ішкі өндіріс пен импорт өсті, бірақ экспорт деңгейі өспеген.

Сыра өндірісі 14,1 пайызға төмендеді (137 миллион литрге дейін), бірақ импорт өсті (12,1 пайызға 18,4 миллион литрге дейін). Ал өндіріс құлдырағандықтан, экспортты 3,8 есеге, яғни 4,1 миллион литрге дейін ұлғайтуға тура келген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова