Екі күн бұрын жоғалған аустралиялық турист Алматы тауларынан өлі табылды

Екі күн бұрын жоғалған аустралиялық турист Алматы тауларынан өлі табылды

Екі күн бұрын жоғалған аустралиялық турист Алматы тауларынан өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі мәліметінше, туристің денесі Аюсай шатқалынан табылған.

"Туристті іздеуге 6 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы және 1 кинологиялық есеп жіберілді, сағат 23.40-та олар іздеуге кірісті. Сағат 2:40-та құтқару жасағы қызметкерлері мен Полиция департаменті қызметкерлері Ғарыш станциясына көтеріліп, беткейді тексерді. Олар төмен түсіп, құбырдың оң және сол жағын тексерді. Олар көлдің оң жағын қарап, жоғалған адамды таппады. Үлкен Алматы көлінде түнде ауа райы қолайсыз болып, жаңбыр, қар жауып, қатты жел соғып тұрды. Сағат 10:45-те тағы бір құтқарушылар тобы ауысымға келді, олар сағат 11:15-те ғарыш станциясынан іздеуді жалғастырды. Құтқарушылар екі топқа бөлінді: бір топ Аюсай шатқалына, екіншісі Проходное шатқалына қарай іздеуге шықты. Іздеу күні бойы, ауа райы қолайсыз болса да жүргізілді. Сағат 15:48-де ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағы жедел құтқару бөлімшесінің басшысы Бауыржан Арыстанбаев спутниктік байланыс бойынша ақпарат берді. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметімен бірлесе отырып, Аюсай шатқалындағы алғашқы сарқырама маңынан денені тапқан", - деді ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында аустралиялық ер адам жоғалып кеткені хабарланған еді.

Еріктілер аустралиялық Херд Джейк Майклды іздеп жатқанын мәлімдеді. Ол 21 мамырда Қазыбек би көшесі, 66 мекенжайындағы "727" жатақханасынан Үлкен Алматы көліне (БАО) шыққан.

Instagram-да оның көлдің маңында түскен суреті бар. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жоғалған ер адамды 20 мамырда кешке жатақханада сүйіктісі көрген. 22 мамырда олар Аустралияға қайта ұшуы керек еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова