Астанада салынып жатқан ғимарат маңында жарылыс болды

Астаналықтар "Хан Шатыр" ойын-сауда орталығының маңында салынып жатқан көпқабатты үйдің аумағында бірнеше жарылыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Тұрғындар алғашқы жарылысты 16:28 шамасында сезген. Одан кейін тағы екі жарылыс болған. Мұхамдеханов көшесі, 4В бойында салынып жатқан көпқабатты үйдің аумағында қара түтін шығып жатқаны көрінеді. 

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл ақпаратты растады.

"Сағат 16:28-де Нұр ауданында Мұхаметханов көшесі, 4Б бойында жаңадан салынған нысанда өрт шықты. Елордалық өртсөндірушілер келген соң 6 минуттан кейін 3 газ баллоны жарылғаны, 15 рулон шатыр материалы жанып жатқаны анықталды. Өртсөндірушілер өртті сағат 16:45-те ауыздықтады", - деп хабарлады ТЖД өкілдері. Оқиға орнына 19 құтқарушы мен 4 техника аттанды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!