Атырауда психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған әйел биіктен құлап мерт болды

Атырауда психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған әйел биіктен құлап мерт болды
Фото: atpress

Атырауда 29 жастағы әйел жоғары қабаттан құлап қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде 23 мамырда түстен кейін Атырауда биіктен құлаған әйелдің денесі табылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қайғылы оқиғаны Атырау облысы Полиция департаменті растады. Тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

"23 мамырда сағат 11:30 шамасында Алмагүл шағынауданында 1994 жылы туған әйел қаза тапты, ол жоғары қабаттан құлады. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, марқұм психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова