Ойын алаңында баланы қағып кеткен: зардап шеккен қыздың жағдайы белгілі болды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тұрғын үй кешендерінің бірінде көлік қағып кеткен баланың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚДСД мәліметінше, жол апатынан кейін зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген.

"Қыз бас, иық және аяқ жарақаттарымен №2 қалалық клиникалық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Жедел жәрдем бөлімінде нейрохирург, травматолог, хирург қарады. Жағдайы тұрақты, есін біледі. Сол жақ қабырға асты аймағында көгерулер бар. Рентген жасалды: сүйек-травматикалық патологиясыз. Ол ауруханаға жатқызуды қажет етпеді, бала амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, 22 мамырда Алматыда тұрғын үй кешені маңында көлік жылдамдықпен баланы қағып кеткен болатын. Оқиға Алматы Сити-5 шағынауданында болған. Ал оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Кадрларда жүргізуші алдымен жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып, ал содан кейін ойын алаңына кіріп кетеді. Бұл кезде алаңда басқа балалар болмаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!