Актер Азамат Сатыбалдының Желіге жүктеген видеосы көпшілікті тәнті етті

Актер Азамат Сатыбалдының Желіге жүктеген видеосы көпшілікті тәнті етті
Фото: instagram.com/azamatc

Актер Азамат Сатыбалды анасы мен әйелінің видеосын әлеуметтік желіге салып, жұрттың ықыласына бөленді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі Іnstagram-парақшасына анасының тізесіне басын қойып жатқан әйелінің видеосын жүктеп, жазба қалдырды.

"Ене мен келін. Кәрілігің қадірлі болсын десеңіз, қазірден бастаңыз. Бақыт - батада. Келінің қайырлы, ұлың қайырымды болсын десең, өзің де сондай бол. Өмір - бумеранг", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AZAMAT SATYBALDY (@azamatc)

Желі қолданушылары өнерпаздың отбасын қолдап, түрлі пікір қалдырды.

"Әр отбасыда ене мен келін осындай болуы керек", "Әже дана болып тұр", "Жастайынан түскен келіні ыстық болады ғой", "Анаңыздың ғұмыры ұзақ болсын", "Қандай әдемі", "Қандай керемет көрініс", "Келін де керемет болып тұр ғой", "Көп адамның орындалмай қалған арманы. Осылай жату бізге де бұйырсын", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы