Кәмелетке толмаған екі әйелі бар ер адам төрт жылға бас бостандығынан шектелді

Өзбекстанда кәмелетке толмаған екі әйелі бар ер адам төрт жылға бас бостандығынан шектелді. Бұл туралы Nemolchi.Uz қоры мәлімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 2019 жылғы желтоқсанда 18 жасқа толуына екі апта қалғанда жігіт 15 жастағы қызға бірге тұруды ұсынған. Қыз келісіп, олар бірге тұра бастаған. Осылайша, жігіт 17 жаста, қыз 15 жаста болған.

Алайда кейін жігіт 2022 жылғы тамызда, яғни 19 жасында үйге тағы 15 жастағы қызды әкелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!