Жантүршігерлік жағдай: Шымкентте ер адам итті көлігіне байлап сүйреген

Шымкентте ер адам итті көлігіне байлап сүйреген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкенттік полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқан видеоға назар аударды.

ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары "Қорғау" қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол - Түркістан облысының тұрғыны.

Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды.

Ер адамның айтуынша, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!