Бір күнде пәтерін сатып, саяхатқа ұшып кеткен алматылық оқиғасын бөлісті

Бір күнде пәтерін сатып, саяхатқа ұшып кеткен алматылық оқиғасын бөлісті
Фото: әлеуметтік желі

32 жастағы алматылық Айжан Ибраева өмірін түбегейлі өзгертуді қалап, бәрін тастап, теңізге ұшып кетсем не болады деп ойлаған. Осылайша, ол бір күнде пәтерін сатып, теңізге ұшып кеткен. Айжан Ибраева неге мұндай шешімге барғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Айжан Омбыда дүниеге келген, кейін оның отбасы Қазақстанға көшкен. Ол Астана мен Алматы қалаларында тұрған. Маркетинг саласында 10 жылдан аса жұмыс істепті.

"Ұзақ жыл бойы жалдамалы жұмысшы, содан кейін фрилансер болып жұмыс істедім. Бірақ бәрібір бір қалаға - Алматыға байланғандай болдым. Мұнда екі жыл бұрын ипотека алдым. Үйде мені сүйкімді мысығым күтіп тұрды. Күнделікті тұрмысты тастай алмайтындай көріндім, бірақ саяхаттағым келді. Бірде түбегейлі шештім. Бір күнде пәтерімді сатып, ипотекамды жауып, мысығымды анама беріп, заттарымды Астанаға ата-анама көшіріп, өмірімнің жаңа тарауын бастадым", - дейді ол.

Айжан өмір бойы саяхаттауды армандаған, бірақ әртүрлі себеппен нәтиже болмаған.

"Интернет-жарнама саласында онлайн жұмыс істей аламын және жалғастырамын. Пәтерді сатқаннан кейін жаңа есіктер ашылған сияқты болды. Баға айырмашылығының арқасында өте жақсы ақша қалды, бірден теңізге бір бағытқа билет сатып алдым. Таиландқа ұштым. Бірнеше күннен кейін мұхитқа барғым келетінін түсініп, Балиге бардым", - дейді ол.

@aizhan.i.m Когда разрешила себе путешествовать одной ? #fyp #foryou #tiktoktravel #fypシ #BeachHoliday #ocean #bali #tailand #travel ♬ brazil - daizy?

Айжан өмірін өзгерту туралы шешіміне өкінбейтінін айтады.

"Қоғамда 30-ға дейін өмірде белгілі бір мақсаттарға жету керегі туралы стереотиптер бар: көлік, пәтер сатып алу, табысты болу. Бұл жарыста өзіңді ұмытып кетесің, армандар екінші, үшінші жоспарға кетеді", - дейді ол.

@aizhan.i.m Океан, закаты, тишина #fyp #foryou #tiktoktravel #bali #ocean #IslandVibes #BeachHoliday #travel ♬ Never Felt So Alone - Labrinth

Ал 32 жастағы Айжан әртүрлі қала мен елде тұруды таңдаған.

"Маусымда Еуропаға үлкен саяхат жасаймын. Жақында шенген визасын алдым. Мұнымен тоқтап қалмай, әлемнің әртүрлі нүктесінде өмір сүруді армандаймын. Енді күндер қалай өтіп жатқанын білмей, жалақыдан жалақыға дейін өмір сүргім келмейді. Жақында осындай қарқынмен өмір сүруді ұнататын өз адамымды кездестіремін деп үміттенемін. Содан кейін қайта бір жерге тұрақтауым мүмкін, бірақ бұған дейін мүмкіндігінше көп елді көргім келеді", - дейді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова