Алматы тауларында аустралиялық ер адам жоғалып кетті

Алматы тауларында аустралиялық ер адам із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еріктілер аустралиялық Херд Джейк Майклды іздеп жатқанын мәлімдеді. Ол 21 мамырда Қазыбек би көшесі, 66 мекенжайындағы "727" жатақханасынан Үлкен Алматы көліне (БАО) шыққан.

Instagram-да оның көл маңында түскен суреті бар. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жоғалған ер адамды 20 мамырда кешке жатақханада сүйіктісі көрген. 22 мамырда олар Аустралияға қайта ұшуы керек еді.

Іздеу жұмыстарына волонтерлер, "Лидер" еріктілері, полиция, сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері жұмылдырылған.

Шетелдік азаматтың қайда екені туралы мәліметі бар немесе оны тауда көргендер 8 701 357 92 91 нөміріне хабарласуын немесе полицияға хабарлауын сұраймыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!