Әзілкеш Азамат Мұсағалиев ұлды болды

Әзілкеш Азамат Мұсағалиев ұлды болды

Танымал ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиев ұлды болды. Бұл туралы ресейлік БАҚ-тар хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ-тардың мәліметінше, Мұсағалиевтің ұлы 13 мамырда өмірге келген. Алайда әзілкештің өзі өміріндегі қуанышты жайт туралы тіс жармаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Мусагалиев (@azabraza1984)

Азамат Мұсағалиев пен жары Виктория 2008 жылы үйленген. Бүгінде олар екі қыз тәрбиелеп отыр. 2008 жылы қыздары Милана өмірге келген. Бес жылдан кейін, 2013 жылы екінші қыздары Лейсан өмірге келді. Виктория мен Азамат әзілкеш танымал болмай жатып бас қосқан екен.  

Еске салайық, Азамат Мұсағалиев Ресейдегі "Сборная Камызякского края" КВН командасының капитаны ретінде көпшілікке танылған болатын. Мыңдаған көрермен оның әзілдеу мәнеріне және харизмасына тәнті болған. Ол көптеген сұхбатында Ресейде туғанына қарамастан жаны мен жүрегі қазақ екенін айтқан болатын.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина