Із-түзсіз жоғалған қазақстандық екі әйел өлі табылды

Із-түзсіз жоғалған қазақстандық екі әйел өлі табылды
Фото: pixabay.com

Шымкент пен Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен екі әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі LIDER.KZ еріктілер тобына сілтеме жасап.  

1961 жылы туған Щелконогова Татьяна Алексеевна Шымкентте жоғалып кеткен. Ол 19 мамырда Шолохов көшесіндегі үйінен шығып, оралмаған. Еріктілердің сөзінше, әйел адам депрессияда болған. 

Айдамирова Айша Ашимкуловна 1952 жылы туған, оны қызы іздеген. Ол Алматыдағы екінші шағынауданда тұрған. 22 мамырда әйел адам өлі табылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина