"Айына 80 келі өнім аламыз". Түркістандық тұрғын мақтадан саңырауқұлақ өсіріп отыр

Түркістан тұрғыны Гүлнар Ниязова - ерекше кәсіп иесі. Ол кәдімгі мақтаның қауашағына саңырауқұлақ өсіріп сатады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өз ауласына жылыжай салып алған ол қазірдің өзінде айына 80 келі өнім алады. Ол таза табысы 200 000 теңгеден асатынын айтады. Бұл - небары 3 келілік блоктан алынатын өнім.

"Егер 10-12 келі блокқа ексеңіз, өнімі де көптеу болады. Біздің табыс жалпы салмақтың 30 пайызы", - дейді кәсіпкердің ұлы.

Оның айтуынша, бір қапшық үш мәртеге дейін өнім береді екен. Сондықтан оның табысты іс екеніне көзі жеткен Гүлнәр Ниязова бұл кәсіпті бастау үшін 2 миллион теңге грант жеңіп алған. Сондай-ақ, жұмысқа ерекше мұқтаждығы бар 4 азаматты тартқан.

"Себебі мен олардың өмірге құштарлығын оятуды көздедім. Олар өздерінің қолынан бір іс келетінін сезінсін дедім", - дейді кәсіпкер.

Саңырауқұлаққа деген сұраныс жоғары көрінеді. Әсіресе, оны қант диабетіне шалдыққандар көп сатып алады екен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!