Астана полицейлері спирттің ірі партиясын тәркіледі

Астана полицейлері спирттің ірі партиясын тәркіледі
Фото: ПД

Астана полицейлері спирттің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Астрахан тасжолы мен айналма жолдың қиылысында Volvo және ГАЗель көліктерін тоқтатып, сыйымдылығы 225 литр болатын 46 пластикалық бөшке тәркіледі. Жүргізушілердің айтуынша, бөшкелердің ішіндегі зат - спирт. Әрі қарай цех анықталып, оны тексеру барысында спирт сұйықтығы бар 12 пластикалық бөшке, 24 қорап "Родники Сибири" арағы, 42 бөтелке QULAN арағы, 5 қорап таңбаланбаған пластикалық бөтелкелердегі арақ табылды.

Сондай-ақ, үй-жайда алкогольді араластыруға арналған сыйымдылығы 1000 литр құрылғы және спиртометр тәркіленді. Іс-шара барысында 13 050 литр спирт пен 772 бөтелке арақ тәркіленді. Материал Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тергеуге берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова