"Шәпкенов, шық!" Атырауда әкімдік алдында 50 шақты әйел жиналды

"Шәпкенов, шық!" Атырауда әкімдік алдында 50 шақты әйел жиналды
Фото: azh.kz

Атырауда әкімдік алдында 50 шақты әйел ерекше балаларымен бірге жиналды. Әйелдер қоғамдық көлікпен тегін жүруді талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Автобуста тек Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар, 75 жастан асқан зейнеткерлер, I және II топтағы мүгедектер, сондай-ақ, он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар тегін жүре алады. Басылым мәліметінше, негізгі мәселе осы соңғы санаттағыларға байланысты туындаған. Мүмкіндігі шектеулі балалар өздігенен автобусқа мініп-түсе алмайды, ал егер қоғамдық көлікпен жүруге мәжбүр болса, онда тек ересек адамның сүйемелдеуімен жүре алады.

Бұған наразы болған аналар облысы әкімі Серік Шәпкеновпен сөйлеспек болған. 

Кейін алаңда әкім орынбасарлары шығып, аналарды тыныштандыруға тырысқанымен, олардың әрекеті сәтсіз аяқталған. Жиналғандардың қатарында "Ақ Жайық" автопаркі директорының орынбасары Қуантай Қалман да болған. 

"Мен өз басшылығымның атынан айтайын. Біздің автобустарды білесіздер ғой? Ыңғайлы, жасыл түсті. Күн сайын желіге 123-і шығады. Мемлекеттен субсидия алсақ та, алмасақ та аналар үшін барлығы тегін. Біздің саясатымыз осындай... Біз бұл әйелдерге онсыз да қиын екенін жақсы түсінеміз, сондықтан олардан ақша алмаймыз", - деді Қуантай Қалман.

Кейін алаңға облыс әкімінің орынбасарлары Жасұлан Бисембиев пен Нұржан Ермұханов шыққан.

"Мәслихатта әлі ешқандай қаулы болмады және қаралған жоқ, бірақ біз тегін жүрсін деп шешім қабылдадық. Біз бәрін шешеміз, бұл туралы жаңа ғана жарияланды", - деді Нұржан Ермұханов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова