"Камераның алдында соғысқандары қалай?" Желіде таутекелердің ерекше видеосы жарияланды

Әлеуметтік желіде таудағы таутекелердің "жаттығу" сәтінен видео тарады. Кадрлардан олардың ерекше қимылдар жасағаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. 

"Таутеке (лат. Capra sіbіrіca) - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жұптұяқты жануар. Парк аумағына орнатылған фототұзаққа тіркелген", - делінген видеода.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған:

Камераның алдына келіп соғысқандары қалай?

Қандай әдемі.

Нақты Шарында ма?

Біреуі зардап шексе, айыппұл кімге келер еді?

Адамдар жануарларды өлтірмеңдерші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!