Баланы қағып кеткен: Алматыда жол апаты видеоға түсіп қалды

Алматыда тұрғын үй кешені маңында көлік жылдамдықпен баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Алматы Сити-5 шағынауданында болған. Ал оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Кадрларда жүргізуші алдымен жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып, ал содан кейін ойын алаңына кіріп кетеді. Бұл кезде алаңда басқа балалар болмаған.

Алматы қаласының Полиция департаменті өкілі бұл оқиға 20 мамырда Алма Сити шағынауданында шамамен сағат 18.30-да болғанын мәлімдеді.

Daewoo маркалы автокөлік жүргізушісі аула ішіндегі аумақта батыс бағытта жүріп, 7 жасар баланы қағып кеткен. Бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"Жол апатын Наурызбай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!