Гүлнұр Назарбаева ұлының сүндет тойын қазіргі жолдасы Азиз Ниязовпен атап өтті

Болат Назабаевтың үшінші әйелі деп саналған Гүлнұр Назарбаева бүгінде өзбекстандық кәсіпкер Азиз Ниязовпен бірге. Күні кеше Гүлнұр Назарбаева ұлының сүндет тойын дүркіретіп атап өткен сәттің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Қуанышты сәттен суреттерді Гүлнұр Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Фото: instagram.com/gn__queen

Гүлнұр Назарбаева бөліскен видеода Гүлнұр Назарбаева, өзбекстандық кәсіпкер Азиз Ниязов және ұлы Хантөре торттағы майшамды өшіріп тұрған сәтін байқауға болады. Сүндет той мейрамханада өткен. Онда Гүлнұр Назарбаева мен Азиз Ниязовтың жақындары жиналған көрінеді. 

Фото: instagram.com/gn__queen

Айта кетейік, Азиз Ниязов 1989 жылы Ташкентте туған. Желідегі ақпарат бойынша, ол - кәсіпкер. Гүлнұр Назарбаева мен Болат Назарбаев 2009 жылдың 25 тамызында Алматы облысындағы Жамбыл ауданында некеге отырған. Гүлнұр Дүйсебаева тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің тегіне өткен. 2018 жылы төлқұжаттағы тегін Назарбаева деп өзгерткен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!