Атырауда аурухананы "басына көтерген" ер адам қамауға алынды

Атырауда аурухананы "басына көтерген" ер адам қамауға алынды
Фото: AtyrauPress

Атырауда медбикеге қарсы былапыт сөйлеген ер адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

18 мамырда Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1981 ж.т. қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Оқиғаның мән-жайы бойынша, Облыстық ауруханаға емделуге келген ер-азамат, өзін дөрекі ұстап, медбике қызметкеріне былапыт сөйлеп, айналасындағыларды құрметтемей, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге барған.

Бұл дерек бойынша 42 жастағы ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталды. Кейін 18 мамыр күні өткізілген сот қаулысына сәйкес, 1981 жылы туған тұрғын әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылып және 5 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина